Йоллығ тегін (VII ғ.-VIII ғ. басы)

Йоллығ тегін — Білге қағанның баласы. Ол әкесі қайтыс болған соң, қағанаттың келісімі бойынша таққа ие болады. Бұл кісі — жазушы, тарихшы, орхон жазуының авторы болған. Йоллығ тегін Қытай елімен арадағы келісімді дұрыстау үшін өз елінен үш елші жіберіп, өзінің әкесін қытайлық императордың әмірімен өлтірілсе де, екі ел арсындағы жағдайды бір қалыпты ұстап, ол өзінің әкесінің саясатын жоғары бағалай білді. Йоллығ тегін — Теңгір хан деген жоғары мәртебеге ие болды.

Йоллығ тегін мынаны жоғары бағалай білді — бұл халықты бағалай білу, өзінің ата-тегі жаудың басын жерге ие білуге үйретуді білді.

Йоллығ тегін қашанда қытай мәдениетінің елімізге етене кіруіне қарсы болды, өйткені халқымыз тек көшіп-қонып жүрген халық және де ол біздің материалдық мәдениетіміздің арасына қытай мәдениетінің енуіне жол бермеді. Йоллығ тегін былай деп жазды: «Түрік халқы, сен, өзіңе олардың әдемі сөзіне, қымбат бағалы тастарына қызықпа… зұлым елдер түрік халқын осылай үйретер еді, айтатын болсақ „ кім алыс тұрса, оған өте жаман ақыл келгіш, ал егер кім жақын өмір сүрсе, оған өте әдемі ақыл кіреді“, бұндай сөздермен оларды үлгі етті. Ал сен, адамдар, ақылды емес, сөзді тыңдап, қаншамасы өліп қалды.» Жақсы ақыл үшін ол кезде әскери қызмет, сонымен бірге басқа адамның қызығушылығы үшін өмірлерін қаншама адам қиды өз Отанынан алыста жүріп. «Сен… түрік елінің халқы, әр жерде кезіп, өзіңді соғысқа өміріңді қидың. Сіздер, ол кезде тірі болсаңдарда, бүкіл жерді шарладыңдар, бірде тірі болып, бірде өлі күйде». Түркілер қытайлықтарды-табғаштар деп атаған. Йоллығ олар туралы былай деп тжазады: «Табғаш елінің халқы, біздерге есепсіз берген алтын, күміс, күріш, дәндерді, сөздері сондай сүйкімді, олар өздеріне сол жерде өмір сүрген әртүрлі халықтарды тарта білді. Олар өздері тартып алған жерлерінде тығыз орналасып, қажетсіз нәрселерді жасауы.»

Йоллығ тегіннің аты бүкіл тарихта, сонымен бірге қағанатта, түрік тарихында, Күлтегін, Білге және басқа да батырлар, олардың ерлігін ол тасқа жазып қалдырды. Йоллығ тегін Түрік халқының бірлікте өмір сүргенін армандады. Ол өзінің мына сөзінде елді сақтандырып: «Кімде-кім түрік халқына тиіссе, егер аспан айналаса, егер жер астынан айналса? Түрік халқы сен, онда жоқ боласың! Онда сен алға, не артқа қашасың. Сен сонда жаңа жерден не аласың? Қаның өзен болып ағып, сүйегің бір төбе болады. Ал сенің ұрпағың өмір бойы құл болып, әйел-қыздарың күң болады» деген екен.

Йоллығ тегін өлгеннен кейін 739 жылы ең кіші інісі — Білгеге беріледі.

Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Йоллығ тегін (VII ғ.-VIII ғ. басы)