Қорқыт ата

Қорқыт ата

Қорқыт ата (9 ғ.) — қобыз атасы деп табылады, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. Қорқыт ата түрік дәстүрін, салтын, әдетін, сенімдерін, басқа халықтардан айырмашылығын, қысқасы, қоғамдық мінездемесін ертегілерінде айтқан, оны бүгінге дейін әдемілеп жеткізген ұлы өнерпаз. Туған, қайтыс болған жылдары белгісіз. Өмір сүрген ғасыры да даулы. Кейбір зерттеушілер оның Әзірет Пайғамбар заманында жасағанын айтады және ғылыми еңбектерінде бұл пікірді дәлелдейтін дастан бөлімдерін келтіреді. Ал кейбір зерттеушілер Қорқыт Атаның Оғыз түріктерінің ертекшісі және дастаншысы болғанын айтып, Қорқыттың бүгін қолымыздағы 12 дастан-хикаясынан пікірлерін дәлелдейтін деректер келтіреді.

Пертев Найили Боратов Қорқыт Ата ертегілері жөніндегі Ислам Энциклопедиясына жазған мақаласында бұл ертегілердің XV ғасырға дейін ауызша болып келгенін, ал XV ғасырдың екінші жартысында Аққойынлылар тарапынан жазылып алынғанын еске түсіріп, қолымыздағы бар мәтіндерде екі бөлек дәуірдің оқиғалары бейнеленгенін көрсетеді. Қыпшақ-оғыз түріктерінің Сырдария солтүстігінде отандарында IX-XI ғасыр арасында кешкен өмірлері осы ертегі-дастандарда көрсетіліпті.

Және бұл ертегі-дастандар жазылып алынған XV ғасырдағы Аққойынлы мемлекетінде болған оқиғаларды қамтиды. Қорқыт Ата ертегілерінің негізі қыпшақ-оғыз түріктерінің өмір-тұрмысына негізделген және осы заманның салт, әдет-ғұрып және дәстүр түрлерін көрсетеді. Бірақ нақ осындай салт-дәстүрмен жасаған Аққойынлылар ертелерді қағазға жазғанда кейбір хикаяларды ол күндердің оқиғаларына үйлестіре жасауы мүмкін. Кейбір ғылыми еңбектерде Қорқыт Атаның Пайғамбарға елші болып жіберілгені жазылды.

Бұл қосымшалардың түріктердің ислам дінін қабылдағаннан кейін жазылуы ықтимал. Қорқыт Ата қыпшақ-оғыз түріктерінің білгіші болып табылады. «Оғыз халқының басына қайыр келетінін сөйлеген едім» деп айтқан хикметтерінен түріктерге жол көрсеткені байқалады және оның бақсы болғандығы жөніндегі ықтималды күшейтеді. Бақсылар әрі ақын болатын, әрі өткен замандардың хикаяларын сөйлейтін, келешектен хабар беретін. Бақсы болғанының тағы бір дәлелі-қолындағы қобызы. Әдетте, қобыз-әулиелердің аспабы. Қазіргі заманда түркі халықтары арасында Қорқыт Ата дастаны кең тараған. Қорқыт Атаның біздің заманымызға дейін жеткен 12 хикаясы бар. Олардың сегізі ішкі және сыртқы соғыстар туралы. Екеуі ғашық оқиғалары жайында болса, екеуі мифологиялық сипатта.

Бірақ бәрі де түркі дүниесін шын сипатында көрсетеді. Түркі қауымының қаһармандығы, мәдениетін, мінезін, діни әдеттерін және тұрмыстарын ашып береді. Қорқыт Ата ертегілері мен дастандары-түркі мифологиясының қайнар көзі. Қорқыт VIII ғасырда Сыр бойында бұрынғы Жанкент қаласы маңында өмір сүрген батыр, атақты ақын, асқан күйші. Сонымен бірге ол туралы көптеген аңыздар сақталған. Ел аузындағы аңыздарда Қорқыт ата мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік өмір үшін қайтпас күрескер сипатында айтылады. Бірақ ол өмірінің соңында өлмейтін нәрсе жоқ екен деген пікірге келеді. Енді Қорқыт ата мәңгілік өмірді қобыз сарынынан іздейді екен. Ұлы күйшіге өзі іздеген мәңгілік өмір оның өнерінде сияқты көрінеді. Ол күйлерін толласыз тартып, дүниеден өтеді.

Өзі өлгенмен артында күйлері, ұлғатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейін Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды жыр түрінде жазған-Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: — Дерсе хан ұлы Бұқаш туралы жыр, — Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, — Оғыз қаған жыры т. б. Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі туралы толғайды.

Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Оның қаһармандары қорқақтық пен опасыздыққа, әдіпсіздік пен сарандыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі. Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз ел басқарған Баяндыр хан, Дерсе хан, оның баласы Бұқаш, т. б. кейіпкерлер ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорыта айтқанда, Қорқыт ата кітабы — әр түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас өріп отырады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер көптеп ұшырасады. Мысалы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі; Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды; Ат қиналмай жол шалмас; Көңілі пасық ерде дәулет болмас; Қар қаншама қалың жауғанмен — жазға бармас; Анадан өнеге көрмеген қыз; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді, т. б.

Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз, жырау) елден елге жетеді – деп Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа тарайды.

Қорқыт ата кім болған?

Қарақожа ұлы Қорқыт Ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты Сырдария өзенінің төменгі жағасында, Жаңакент /Иеникент/ қаласында /VIII—IX ғ. ғ,/ өмір сүрген. Өз халқының, бақыты үшін ’Жер ұйығын" іздеп, көптің муддесін көздеген Қорқыт Ата — ақын, жырау, композитор, әнші, күйші, қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал теңізіне қүйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны Су аяғы — Ер қорқыт" деп те атаған. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша Корқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан, ал шешесі қазақ қурамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қәзіргі Қостанай облысының Аят өзені.

Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, аңьізға айналған атақты Желмаяны оньің шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В. М. Жирмунскийдің айтуынша, Қорқыт Ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының ерекшеліктерін бойына сіңірген әнші-жырау әрі болжагыш ақылгөй болған. Оғыз-қыпшақ қогамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес хандықты басынан өткізіп солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл- Еркі, Тұман хан және Каңлықожа. Хандарга күшті ықпал жасағандықтан, олар Корқыттың ақылды кеңесінен аса алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан. Әр турлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікір айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде — 195-ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал «Деде Қорқыт кітабында» Корқыттың өмір сүрген уақытын Мухаммед пайғамбардың заманына жақындатады «Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір ер тұрыпты», — дейді ол кітапта.

Қазақтың аңыз-ертегілерінде Корқыттың туған күнін өте қорқынышты етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын қашырып, зәресін ұшырады Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә. X. Марғұланның мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тогыз күн ұдайы қатты толғатып, ерекше бір ғаламат қорқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады.

Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық «Қараспан» деп атаған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен, қорыққан халық жаңа туған балаға «Қорқыт» деп ат қойған. Мағынасы «Қорқыт, қорқытты» деген ұғым береді Махмуд Қашқаридың айтуынша,, халық өлеңдерінде, «Оғызнама» жырында Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә. X. Марғұлан да қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төңірегінде өмірге келген Қорқыт туғанда сөйлеп туыпты. Ол тауды Қарашық /Қаратау/ немесе «Қараспан» деп атаған. Бұл жөнінде халық аузында сақталған мынадай өлең де бар: Қорқыт туар кезінде, Қараспанды су алған, Қара жерді құм алған. Ол туарда ел қорқып, Туған соң әбден қуанған.

Қорқыт және қобыз

Халық ақын-жыраулары өзінің сүйікті қобызына қосып, Қорқыттың туған күнін осылай жырлаған. Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт қазақтың ұлттық музыкалық аспабы — қобызды тұңғыш жасаушы ретінде жырланады Қобызды жасаушы да, тартушы да — Қорқыт. Жырда халықтың бұл тамаша аспабы — қыл қобыздың қандай заттардан, қалай жасалғаны да сипатталады. Мысалы:

Қарағайдын түбінен қайырып алған қобызым. Үйенкінін түбінен үйіріп алған, қобызым. Ақ қайынның безінен қағып алған, қобызым. Өзегінен кара емен ойып алған, қобызым. Қыл құйрығын тұлпардын ішек қылған, қобызым. Тау текенің мүйізін тиек қылған, қобызым. Ақ ырғайын қиянның құлақ қылған, қобызым. Ортекенің терісін сауыт қылған, қобызым. Ақ түйенің сүтімен — сылап алған, қобызым Сырынды ашып, үніңді сынап алған қобызым.

Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні бугінге дейін осы әдіспен жасалып келеді. Қазақтың аңыз-әңгімелерінде Қорқыт Атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады Солардың бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария жағасьіна жайылған кілем үстінде жеп отырған жүзім ішінен қарақурт шыгып, шагып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгімеде Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір мезетте куйге елтіп, арбаған әбжылан Қорқыт қалгып кеткен кезде шағып алады да, Қорқыт Ата содан өледі.

«Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткішінен (9—10 ғғ.) Қорқыт атаның Оғыз мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалақ дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.

Ескерткіші

Қорқыт атаға арналып 1980 ж. Қызылорда облысының Жосалы стансасынан 18 km жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды. Ауторлары — сәулетші Б. А. Ыбыраев, физикадан ғалым С. И. Исатаев. Ескерткіш темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стеладан) тұрады, биіктігі 8 m. Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес дыбыс шығарады.

Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. «Қорқыт ата кітабы» әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш. Ш. Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә. Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме «қорқыт» сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін «қорқыту» сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.

Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, «басқа елден әркімге өз елінде жақсы» деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды. «Қорқыт ата кітабы» — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар көптеп кездеседі. Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В. В. Бартольд 1922 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді.

Қорқыт атаның кесенесі

Қорқыт Атаның сегіз қырлы күмбезді мазары қәзіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына қарасты теміржол станциясына жақын Сырдария өзенінің жағасына /IX—XI ғ./ орнатылған. Мазардың сыртқы көрінісі қазақтың киіз уйі сияқты дөңгелек. Ә. А. Диваев пен И. А Кастаньенің зерттеуі бойынша /IX ғ. / мазар кірпіштен салынған. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюларымен безендіріліп, кереге, уықтар бейнеленген. XIX ғасырдың аяғында Қорқыттың табыты басқа жерге көшірілгең, мазарының қалдықтарын Сыр суы шайып әкеткен. Соңғы жьілдары /1978—1980/ Қазақстан Республикасы тарихи және мәдени ескерткіштерді қоргау қоғамы Орталық советі Президиумының шешімі бойынша арнайы қаржы босатылып, Қорқытқа мәңгі ескерткіш орнатылды.

Алматылық жас архитектор Ибраев Бектің жобасы бойынша жүзеге асырылған, қазақтың көне музыкалық аспабы — қыл қобыз бейнеленген бұл ескерткіш желмен бірге ыңылдап, үн салып тұрады. Ескерткіш Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының теміржол станциясына жақын жерден бой көрсетеді. Қорқыт Ата мазарын 1898 жылы қазақтың көрнекті фольклорисі, қазақ ауыз әдебиеті үлгілерінің белгілі жинаушысы Ә. Диваев түсіріп алған екен. Сол фото-сурет Стамбул университетінің профессоры М. Ергиннің /Китаби Қоркыт/ еңбегінде пайдаланылған.

Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Қорқыт ата