Әнет баба (1628-1723 ж.ж.)

Әнет баба (1628-1723 ж.ж.)

Әнет баба — «Жеті жарғыны» құрастыруға қатысқан атақты 7 бидің бірі болған. Жас кезінде Бұқарада медресе бітіреді. Ислам қағидаларын, шариғат ережелеріне жүйрік болған. Әнет баба әділдігімен, діндарлығымен аты елге жайылған. Қалқаман-Мамыр дауы кезінде бірін-бірі сүйген екі жас жазадан босатылсын деген билік айтқан. Бірақ оған Мәмбетбай руының басшысы Көкенбай батыр көнбейді. Ол Мамырды атып өлтіріп, «ендігі тентегіңді сен де өлтір» деген ауыр шарт қойған. Көкентай батырдың ауыр шартына амалсыз көген Әнет баба «Қалқаман атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын» деген тоқтамға келеді. Бұл жазадан Қалқаман аман құтылды. 1723 жылы көктемде жоңғарлар шабуылы басталып, ел «Ақтабан шұбырындыға» ұшыраған кезде Әнет баба жұртта қалған. Кейін Көкенай бастаған батырлар бидің сүйегін тауып жерледі.

Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Әнет баба (1628-1723 ж.ж.)