Күнтізбе

552 ж. – Түрік (Көк түрік) қағанатының құрылуы.

563–567 жылдар – Түріктердің ақ ғұндарды жаулап алуы.

6–7 ғасырлар – Соғдылықтардың Жетісу, Жоңғария және Сібірге қоныс аударуы.

603 ж. – Түрік қағанатының Шығыс және Батысқа бөлінуі.

8 ғасыр – Тоныкөк, Білге, Күлтегіндердің құрметіне тас бағандар қойылып, ғибадатханалар салынды.

751 ж. – Қытайлықтар мен арабтардың арасындағы Талас маңындағы шайқас.

8ғ. -9 ғасырдың 1-жартысы – Ұйғыр қағанаты.

756–940 жылдар – Қарлұқ қағанаты.

9–10 ғасырлар – Хазар мемлекеті.

9–11 ғасырлар – Оғыз мемлекеті.

965–985 жылдар – Оғыздардың хазарлар мен бұлғарларға қарсы жорықтары.

10–12 ғасырлар – Әл-Фараби, Әбу Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Ахмет Йассауи, т. б. ғұламалар өмір сүрді.

11 ғасырдың басы – Қыпшақ мемлекетінің құрылуы.

1128 ж. – Қарақытайлардың Жетісуды жаулап алып, өз мемлекетін құруы.

1203–1206 жж. — Темучин Моңғол тайпаларын бір мемлекетке біріктірді.

1207 ж. – Моңғолдардың Қытайды жаулап ала бастауы.

1210 ж. – Хорезмшах пен қарақытай әскері арасындағы шайқас.

1219–1224 жж. — Моңғолдардың Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы.

1223 ж. – Қазақстан аумағында Жошы мен Шағатай ұлыстарының құрылуы.

1236–1242 жж. — Бату хан әскерлерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жасаған жорығы

1243 ж. – Алтын Орданың құрылуы.

1257–1266 жж. — Берке ханның ел билеуі.

1312–1342 жж. — Өзбек ханның ел билеуі.

1342–1357 жж. — Әз Жәнібек ханның ел билеуі.

XIV ғ. ортасы – Ақ орда мен Моғолстанның оқшаулануы.

1380 ж. – Куликово шайқасы.

1370–1405 жж. — Әмір Темірдің ел билеуі.

XIV ғ. 70–90-шы жж. — Әмір Темірдің Ақ Орда мен Моғолстан аумағына жорықтары.

1396–1411 жж. - Едігенің (Алтын Орда) ел билеуі.

1397 ж. – Қожа Ахмет Йассауи кесенесінің салына бастауы.

1428–1468 жж. — Әбілқайырдың Шығыс Дешті Қыпшақта ел билеуі.

1433/34–1462 жж. — Есен-Бұға ханның (Моғолстан) ел билеуі.

1457 ж. – Әбілқайыр хан әскерлерінің ойраттармен шайқасы.

1457 жыл- Жәнібек пен Керей сұлтандарының Әбілхайыр хандығынан бөлініп шығып, Шу және Қозыбасы аймақтарына тұрақтады.

1459 жыл- Бөлініп шыққан көшпелілер өздерін «қазақтармыз» деп атап, ұғымға этникалық астар берді.

1465 жылы- Қазақ хандығының құрылуы. Алғаш Керей хан, содан соң Жәнібек хандар басқарды.

1468 жылы – Қазақ хандығының құрамы Әбілхайыр хан өлгеннен кейін топ-тобымен ағылып келе бастаған жаңа рулар мен тайпалардың есебінен ұлғая түсті.

1470 жылы – Жәнібек хан билігі

1480–1510 ж. ж. –Бұрындық хан билігі

1495 жылы –Сібір хандығының құрылуы

1499–1561 ж. ж. -М. Х. Дулати өмір сүрген жылдары

1500–1505 ж. ж. - Шайбани мемлекетінің құрылуы

1511–1521 ж. ж. - Қасым хан билігі

1535–1590 ж. ж. - Доспамбет жыраудың өмір сүрген жылдары

1538–1580 ж. ж. -Ақназар хан билігі

1557–1607 ж. ж. – Қадырғали Жалайыридың өмір сүрген жылдары

1571–1572 ж. ж. - Ақназар ханның Мәскеуге елшілігі

1576–1656 ж. ж. – Жалантөс батыр өмір сүрген

1580–1582 ж. ж. — Шығай хан билігі

1583–1598 ж. ж. - Тәуекел хан билігі

1598–1528 ж. ж. –Есім хан билігі

1594 ж. – Қазақ хандығының Мәскеуге елшілігі

1565 ж. — Мәскеудің Қазақ хандығына елшілігі

1598 ж. - Тәуекел ханның Орта Азиядағы жорығы

1635 жыл- Жоңғар мемлекетінің құрылуы

1643 жыл- Орбұлақ шайқасы

1644- 1700 ж. ж. - Әйтеке би өмір сүрген жылдар

1663–1756 ж. ж. -Төле би өмір сүрген жылдар

1667–1763 ж. ж –Қазыбек би өмір сүрген жылдар

1680–1715 жж. — Тәуке ханның ел билеуі.

1690–1778 ж. ж. — Қанжығалы Бөгенбай батыр өмір сүрген

1706–1781ж. ж. - Шапрашты Наурызбай батыр өмір сүрген

1710 ж. – Қарақұмдағы құрылтай. «Жеті жарғы».

1712–1802 ж. ж. -Сырым батыр Датұлы өмір сүрген

1713–1781 ж. ж. - Абылай хан өмір сүрген

1716 ж. – И. Бухгольцтің отряды Омск қаласының негізін салды.

1716–1718ж. ж. - Қайып хан билігі

1717–1718 жж. — Шығыс Қазақстан аумағындағы қазақтардың қалмақтармен сәтсіз шайқасы.

1718–1748 ж. ж. — Әбірқайыр хан билігі

1720- 1740 ж. ж. - Ұлы жүз ханы Жолбарыс билігі

1723–1727 жж. — «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары.

1724- 1734 ж. ж. - Орта жүз ханы Сәмеке билігі

1726–1729 жж. — Қазақтар мен қалмақтардың Бұланты және Аңырақайдағы шайқастары.

1730 ж. – Әбілқайырдың Ресейге жіберген елшілігі.

1731–1732 жж. — Кіші жүздің Ресей бодандығы шарттарын қабылдауы.

1734–1771 жж. — Әбілмәмбет ханның ел билеуі.

1734- 1769 ж. ж. – Әбілмәмбет билігі

1740 ж. – Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанның Орынбор әкімшілігіне ант беруі.

1741–1743 жж. — Абылай ханның Галден-Церенде тұтқында болуы.

1743 ж. – Орынбор қаласының салынуы.

1748–1786ж. ж. -Нұралы хан билігі

1752 ж. – Петропавл бекінісінің салынуы.

1756–1758 жж. — Абылай хан бастаған қазақтардың Цин агрессиясына қарсы күресі.

1758 ж. – Жоңғарияның құлауы

1771–1781 жж. — Абылай ханның ел билеуі.