Өзіңді тексер
Ортағасырдағы Қазақстан. Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
1. Қарахандар әулетінің тарихы кімнен басталады?
- а) Сатұқ Боғыра хан
- ә) Білге қаған
- б) Йолығтегін
- в) Оғылшақ
2. Қарахан қағандығында халықтан салық жинау құқы қалай аталды?
- а) мукта
- ә) икта
- б) сойурғал
- в) буйырық
3. Қарахан мемлекетінің астанасы болған қала:
- а) Сығанақ
- ә) Битянь
- б) Баласағұн
- в) Чегучен
4. Қазақстан аумағында ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет:
- а) Оғыз
- ә) Қарлұқ
- б) Қыпшақ
- в) Қарахан
5. Ислам қарахандықтардың мемлекеттік діні болып жарияланған жыл:
- а) 567 ж.
- ә) 705 ж.
- б) 960 ж.
- в) 542 ж.
6. Қай жылдары Қарахан қағандығы 2-ге бөлінді?
- а) XI ғ. екінші жартысы
- ә) XI ғ. 30 ж.
- б) 1230 ж
- в) XI ғ.
7. Мәуеренахр жерлері қай қағанатқа қарады?
- а) Батыс қағанатына
- ә) Шығыс қағанатқа
- б) Ешқандай қағанатқа қараған жоқ
- в) дұрыс жауабы жоқ
8. Қарахан мемлекетінде жоғары өкімет билігі кімнің қолында болды?
- а) қаған
- ә) хакан
- б) патша
- в) хан
9. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар қалай аталған?
- а) бағынышты шаруалар
- ә) салық төлеуші шаруалар
- б) мұзарлар
- в) мукта
10. XII ғ. 30 ж. Шығыс Қарахан иелігін кімдер жаулай бастады?
- а) қарақытайлар
- ә) оғыздар
- б) қыпшақтар
- в) қидандар