Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (1926-2013 ж.ж.)

Серкебаев Ермек (1926 гг.)

Әнші (баритон). Қазақстанның халық артисі, ССРО-ның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1926 жылы Петропавловск қаласында туған. П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесін скрипка класы бойынша, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын вокал класы бойынша бітірген. 1951 жылы — Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Әнші опералық портреттердің әдемі галереясын жасады. Е. Серкебаев сомдаған образдар арасында ұлы Абайдың тұлғасы (А. Жұбанов және Л. Хамидидің «Абайы»), Брусиловский мен Рахмадиев операларындағы Ер Тарғын және Алпамыс образдары бар. Оның репертуарында сондай-ақ, қазақ, орыс халық әндері, камералық шығармалар бар. Ол қазақтың вокальды қазіргі замандық музыкасын үздік орындаушы.

1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде әншілік өнерімен көзге түсті. Таңдаулы партиялары: Қожағұл, Аманкелді (Төлебаевтың «Біржан-Сарасы» мен «Аманкелдісінде»), Тарғын, Артем (Брусиловскийдің «Ер Тарғын» мен «Дударайында»), Евгений Онегин, Мазела (Чайковскийдің осы аттас операларында), Эскамильо (Бизенің «Карменінде»), Петруччио (Шебалиннің «Асауға тұсауында»), Фигаро (Россинидің «Севиль шаштаразысында»), Олег Кошевой (Мейтустың «Жас гвардиясында») т. б. Серкебаевтың Владимир Ульянов партиясын (Мейтустың «Ағайынды Ульяновтарында») терең толғаныс, асқан шабытпен орындауы қазақ музыка өнерінде елеулі оқиға болды.

Ермек Серкебаевтың камералық және эстрадалық әнші ретінде де белгілі, киноға түскен. VIII сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі мен VII сайланған КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1972). Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

Әнші (баритон). Қазақстанның халық артисі, ССРО-ның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының профессоры.

Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Серкебаев Ермек Бекмұхамедұлы (1926-2013 ж.ж.)