Алматы апорты

Золотое чудо яблоко - Апорт

Алматы қырғыз тілінен аударғанда «алмалы мекен» дегенді білдіреді. Сонау XV ғасырларда мұнда дулаттардың «Алматы» атты қыстауы болған. Бертін келе 1867 ж. 11 сәуірінде Верный қамалының атауы аз уақытқа Алматинск қаласы деп те өзгертілген болатын. Өйткені бағзы замандардан бері бұл өлкеде жабайы алмалардың көп түрі болған деседі.

Біздің жерімізде жабайы алманың 131 тұқымы бар, барлық алма түрі біздің жерден ғана тараған. Ағылшындарда алманың 2500 сорты бар деп есептеледі. Барлық сол 2500 сорттың бәрі осы Жоңғар, Іле Алатауының бойынан тараған, дамып жетілген түрлері еді. Ал оны о баста бірінші тапқан Иван Сиверс 1796 жылы қыркүйекте Алакөлге келіп, Тарбағатай тауының Үржар маңындағы керемет өсіп тұрған алмаларды көріп: «Мұндай алманы бұрын еш жерде кездестірген емеспін», деп жазып, дүниежүзіне мәлім етті. Ол алманың сорты, сөйтіп, сол кісінің атымен аталып кетті. Одан кейін Қырғыздың жабайы алмасы, сосын қызыл алма- жабайы алманың үш түрі белгілі болды.

1817 жылы апорт көшеттерін Англияға Россиядан белгілі тұқым өсіруші М. Ли арқылы келген, орыс императоры 1 Александрдың құрметіне ол алманы Александр деп атады. Ли алманы бүкіл Англияға таратты. Осы жерден Германия, Бельгияға және 1838 жылы Америкаға да жеткен. Бір таңғаларлығы, бұл Франциядан қарағанда сегіз жыл бұрын жеткен. Тағы бір қызығы 1900 жылдың өзінде апорт сорты Париж көрмесінде көрсетілген болатын.

1855 жылы Жетісу аймағына Ресейден қоныс аударғандар ағыммен көптеп келді. 1865 жылы Воронеж губерниясы, Осторогож уездінің бұрынғы шаруасы Егор Редько Верный қаласына, өзімен бірге апорттың көшеттерін ала келеді. Ол бұл жерлерге толық бір жылда жеткен, ал көшеттерді күбіге (ағаш ыдысқа) сақтап әкелген. Келгеннен кейін ол көшеттерді Кіші Алматы өзенінің жағасындағы Іле Алатауының тау етегіне отырғызады, ал бірнеше бұтақтарын жай жерлерге егеді. Ал, оның нәтижесі таң қаларлық болды, өзінің отаны Воронеж губерниясында көзге еленбеген апорт бұл жерде континенталдық ауа райынан өзгеріп шыға келді. Жеміс әрі дәмді, әдемі, әрқайсының салмағы 200–250 грамм салмақпен ұзақ уақытқа дейін сақталды. "Редьковтың алмасы” туралы әңгіме тез арада, аймаққа тарады.

Верный қаласының губернаторы Герасима Колпаковқа дейін жетті, соңынан Егор Редьконы алманың жаңа сортын әкелгені үшін үлкен алтын медальмен марапаттады. Шындығында, апортқа жергілікті жердің аты бойынша – вернен аты берілген болатын. Таңғажайып алманы шаруаның атымен атау бір түрлі болар еді. Бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарына дейін, "Редьковтың алмасы” деп бейресми атаумен аталып келді.

Апорттың таралуына себебін тигізген, бағбаншы, тұқым өсіруші Никита Трофимович Моисеев болған, ол атақты вернен апортын, алматының апорты 1913 жылы Романовтар әулетінің 300 жылдық торқалы тойына апаратын алмалар осылардың жемісі еді.

Апорт саудаға қалай шықты? XX ғасыр басында Алматы шаруашылығы тек Сібірде ғана емес, Ресейдің орталық бөлігінде де белгілі бола бастады. Ал ең алғаш астаналық саудада апорт жемісі келген күннен бастап-ақ бірінші орынға шықты. Осы кезде Алматының апорты әлемдік аренада танылды. 1900 жылы апорт Париждегі әлемдік көрмеге шығарылды. 1908 жылы Германиядағы Мангейм жеміс-жидек көрмесінде Верный бақша училищесі үлкен қошеметке ие болды. Немістер Алматының апортына қол соқты.

Сол кездегі жетісулық бақшаларды марапаттау, насихаттау мақсатында Алматыда үлкен көрмелер ұйымдастырылды. 1902 жылы Жетісу облысына барлық уездерден экспонаттар әкелінді. Осы көрмеде бір ғана алманың 39 түрі қойылды. Бұл көрсеткіш жылдан-жылға ұлғайып отырды. 1905 жылы бір көрмеде алманың 64 түрі жұрт назарына ұсынылды. Осы көрмелердің барлығында апорт жоғары марапаттарға ие болды.

Золотое чудо яблоко - Апорт Золотое чудо яблоко - Апорт Золотое чудо яблоко - Апорт