Бибігүл Төлегенова (1929 ж.)

Тулегенова Бибигуль (1929 г.)

Дүниеге келгені: 1929

Семей қаласы

Бибігүл Ахметқызы Төлегенова (16.12.1929 жылы туған, Семей қаласы) — қазақ әншісі (лирикалық-колоратуралық сопрано), КСРО халық әртісі (1967). 1954 жылы Қазақ консерваториясын (Н. Самышинаның ән класы бойынша) бітірді. Ән айтуды көркем-өнерпаздар үйірмесінен бастады. Б. Төлегенованың әншілік талантын танып, оның өнер жолына түсуіне багыт сілтеген әрі алғаш дәріс берген кеңес жазушысы Г. И. Серебрякова (сол кезде Семейде түрған) болды. Б. Төлегенова еңбек жолын 1946 жылы Семейдің ет комбинатында жүмысшылықтан бастады. Бірсыпыра уақыт қазақтың опера және балет театрында істеді. 1965–1971 жылдары қазақ филармониясының әнші-солисі болды. 1971 жылдан Қазақтың опера және балет театрында еңбек етеді. Б. Төлегенованың қайталанбас орындаушылық өнерінің қайнар бүлағы ең алдымен қазақтың халық әндеріне саяды. Әншінің алуан тақырыпты репертуарында қазақтың халық әндері («Гауһар тас», «Жиырма бес»),

Қазақстан композиторларының шығармалары (Хамидидің «Бұлбұлы», Брусиловскийдің «Қос қарлығашы», Төлебаевтың «Еске алуы», Рахмадиевтің «Тарантелласы», Мұхамеджановтың «Көктем вальсі», Тілендиевтің «Кел еркем, Алатауыма»), сондай-ақ П. П. Чайковский мен С. В. Рахманиновтың романстары, Н. А. Римский-Корсаковтың операларынан ариялар және Батыc Еуропа сазгерлерінің (Доницетти, Григ, Шуберт) шығармалары да бар. Б. Төлегенова өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Бұл тұрғыда ол «қазақ бұлбұлы» атанған К. Байсейітованың орындаушылық шеберлігін жалғастыруда. Төлегенова опера өнеріне де елеулі үлес қосып, Жібек (Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде»), Гүлбаршын (Рахмадиевтің «Алпамысында»),

Еңлік (Жүбановтың «Еңлік—Кебегінде»), Джильда, Виолетта (Вердидің «Риголеттосы» мен «Травиатасында») т. б. партияларды орындады. Б. Төлегенова өнері республика, одақ көлемінде ғана емес, бүкіл дүние жүзіне танылды. Гастрольдік сапармен Үндістан, Алжир, Египет, Сирия, Вьетнам, Польша, Чехословакия, Канада, Швеция, Франция, Италияда болып, өнер толғады. КСРО Мемлекеттік сыйлығының (1970) және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының (1960) лауреаты. 1957, 1958 жылдары Мәскеуде өткен өншілер байқауының лауреаты. УӀӀ-ӀХ сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.

Ленин ордені және Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Жеке Алтын белгісімен (1999) марапатталған. КСРО және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлықтарының, «Тарлан» тәуелсіз сыйлығының (2001) лауреаты. «Жыл адамы» атағын алған (2001). Қазақстан Жұлдыздар аллеясында Жеке жұлдызға ие (2002). «Орақ және балға» медалінің және Ленин орденінің ұсынылуымен қоса Социалистік Еңбек Ері (1991). Астана қаласының және Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы — Н. Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы — «Қазақстанның жарқын да бақытты болашағына сенемін». Сүйіп оқитын әдебиеті — поэзия. Хоббиі — көрнекті өнер қайраткерлерінің және Саяси қайраткердің монографияларын жинау. қыздары — Гүзел, Мәриямгүл; үлы — Төлеген. Немере- лері — Әділ, Қайрат, Бағдад. Шөберелері — Дәмира, Ескендір.

Күміскөмей әнші

Бибігүл Төлегенова- аты аңызға айналған әлемдік деңгейдегі әнші, КСРО халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері, опера жұлдызы. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі, педагог, опера әншісі.

Б. Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ең үздік партиялары: Жібек (Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібегі»), Гүлбаршын (Е. Рахмадиевтің «Алпамысы»), Еңлік (Ғ. Жұбанованың «Еңлік -Кебегі») және т. б. Б. Төлегенова сондай-ақ, «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған», «Тақиялы періште» кинофильмдерінде ойнады. Оның әндеріне Нью-Йорктің, Лондонның, Париждің, Римнің, Афинаның, Токионың, Сеулдің, Каир мен басқа да әлемнің ең үздік оркестрлерімен бірге ән салған. ЮНЕСКО шешімі бойынша Бибігүл Төлегенова ХХ ғасырдың ұлы жиырма әйелдерінің қатарына енген бірден -бір әнші.

Жуырда «Жібек жолы» халықаралық фестивалі аясында "Астана опера " мемлекеттік опера және балет театрында күміскөмей әнші Б. Төлегенова астаналық тұрғындарына үлкен концерт қойды. Бұл кеш әншінің «Сүю, үміттену және сену» атты гала-концерті және 85 жылдығына арналған бенифесі еді. Концерттік бағдарламада қазақстандық және шет елдік композиторлардың операларынан ариялар, халық әндері, романстар, аспапты шығармалар орындалды. Халық сүйікті әншісін шынайы ризашылық сезіммен көпке дейін ду қол шапалақпен сахнадан жібермей ұзақ тұрды.

Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Бибігүл Төлегенова (1929 ж.)