Қожамқұлов Серәлі (1896 — 1979 жж.)

Кожамкулов Серке (1896–1979 гг.)

Қожамқұлов Серәлі (Серке, 5.5.1896, қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы 13 ауылы. — 31.12.1979, Алматы) — актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

1936 жылында Қазақстанның халық артисі.

1976 жылында Соңғы Еңбек Ері (1976).

1913 — 1916 жылдарында Троцкінің «Уазифа» мектебінде оқыған.

1919 жылында қызметте араласып, алдымен Қостанай қаласында Ә. Жангелдин басқарған қызыл әскер тобында жауынгер, кейін сот мекемелерінде халық тергеушісі болды.

1920 — 1922 жылдарында Орынбор қаландағы Татар халық ағарту институтында білім алды. Қожамқұловтың өнерге деген құштарлығын алғаш оятқандар -туған жездесі Жүсіп Темірбеқов пен жазушы-драматург Б. Майлин.

1920 жылдары «Қызыл керуен» труппасының жұмысына белсене қатысып, өзінің сахналық өнерге деген қабілетдарынын байқатты.

Қожамқұлов осыдан кейін Орынбор қаласында оқып жүрген кезінде де көркемөнерпаз-дар үйірмесінен қол үзген жоқ. Осы қалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов және актер Қ. Бадыровпен танысып, олармен шығарм. қарым-қатынаста болды.

Мазмұны

Ойнаған рольдер

1922 жылында М. Әуезовтің «Еңлік — Кебек» трагедиясыида Еспембет ролін ойнайды.

1925 жылында Қызылорда қаласында тұңғыш кәсіби Қазақ мемлекеттік драма театры ұйымдастырылғанда Қожамқұлов арнайы шақырылады. Театрда ол актер әрі режиссер қызметін атқарып, 1926 -1932 жылдарында Әуезовтің «Бәйбіше — тоқал», Майлиннің «Шаншар молда», «Ел мектебі», «Қалпе», Ө. Оспановтың «Сеңсең бөрік», Н. В. Гогольдін «Үйлену» пье-саларын қойды. Қожамқұлов — әрбір рольдің болмыс-бітіміне сай өзіндік мі-незі мен дауыс ырғағын, сахналық қимыл-әрекеті мен сөз мәнерін дәл тауып, құлпырта ойнататын актер еді. Әсіресе, Қ-тың актерлік шебері гі комедиялық рольдерде айқын көрінді. Қ-тың таңдаулы рольдері қатарында Талтаңбай (Майлиннің «Талтаңбайдың тәртібінде», Яичница, Земляника (Гогольдің «Үйленуі» мен «Ревизорында»), Тымақбай, Қарабай, Қоңқай (Мүсіреповтің «Амангелдісінде», «Қозы Көрпеш -Баян сұлуы» мен «Ақан сері — Ақтоқтысында»), Шахтер Тайман (Ә. Әбішевтің «Достықпен махаббатында»), Еспембет, Көбікті хан (Әуезовтің «Еңлік — Кебегі» мен «Қара қыпшақ Қобыландысында»), т. б. бар. Қожамқұлов 1930 жылдан киноға түскен. «Дала әнінде» Батырақтын (1930), «Амангелдіде» Бекет ұстаның (1938), «Ақ гүлде» қарт Жастардың (1942), «Абай әнінде» Баймағамбеттің (1945), «Алтын мүйізде» шопан Әділбек-тің (1948), «Алдар көседе» Бидің (1964), т. б. ролін орынды.

1936 және 1958 жылдары Мәскеу қаласында өткен Қазак әдебиеті мен өнерінің онкүндіктеріне қатысты.

1973 жылында «Серага» атты телефильм (режиссер Қ. Әбусейітов) жарық көрді. Гастрольдік сапармен Иранның Шираз қаласында өнер көрсетті. Қожамқұлов атында Жезқазған музыкалық-драма театры, Алматы қаласында көше бар. Алматы қаласында ол тұрған үйге (Фурманов көш., 117-үй) мемориалдық тақта орнатылды. 5-сайл. Қазақстан Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

Марапаттар

Қазақстан Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен (1966), 3 рет Ленин ордені, Қазан Революциясы, Еңбек Қызыл Ту, 2-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.ж.)
Тарихи тұлғалар
Қожамқұлов Серәлі (1896 — 1979 жж.)