Исатай Тайманұлы (1791 - 1838 ж.ж)

Тайманұлы Исатай (1791–1838) – 1836–38 жылдары Батыс Қазақстанда болған халық көтерілісінің саяси көсемі, қайсар қолбасшысы, халық батыры. Кіші жүз Байұлының Беріш руынан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Халық батыры И. Тайманұлы 1791 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмындағы «Тайман жалы» деген жерде дүниеге келген. Исатайдың анасы Есентемір руының Тағашы бөлімінен. И. Тайманұлының төртінші атасы Ағатайдың (Тайман-Бегәлінің -Боқай-Ағатай) есімі қалмақтарға қарсы соғыста көрсеткен ерлігі үшін Беріш руының ұранына айналған Исатайдың жастық шағында оған ықпал жасап, қамқорлық еткен әкесі, Тайманның інісі — Жабал Бегәліұлы. 1808 жылы Жабал бастаған Бегәлі ауылы Бақсай бекінісі тұсынан Жайықтан өтіп, Бөкей ханның қарауына кіреді. Хан орысша сауатты, саясаттан хабары бар, халық алдында беделді Жабалды Беріш аулына старшина етіп қояды. Жабал қайтыс болғаннан кейін, оның орнына старшина етіп И. Тайманұлын қоюды сұрап, хан Бөкей 1812 жылы 12 наурызда Орынбордағы Шекара коммссиясына ұсыныс жасайды. Шекара комиссиясы 1813 жылғы қараша айында Бөкей ханның ұсынысын қуаттап, құжаттарды әскери губернаторға жібереді. Генерал губернатор Г. С. Волконский 1814 жылы 12-қарашада Исатайды старшиналыққа бекіту туралы құжатқа қол қояды.

Ел ісіне ерте араласқан Исатайдың кемелденуіне қайын ағасы Жабай Бегалиннің көп көмегі тиеді. Ол кісі орысша оқыған, әжептеуір сауаты бар адам болған, старшын қызметін атқарған. Ол өлгеннен кейін оның орнына Бөкей хан Жабайдың тәрбиесін көрген Исатайды старшын етіп тағайындап, оны Орынбор шекара комиссиясы бекітеді.

Күн санап ел арасында беделі асып бара жатқанын көре алмаған хан төңірегіндегілер оның беделін түсіру үшін түрлі жала жауып, ханға шағыстырып бағады. Соның салдарынан бас аяғы 4–5 жылдың ішінде бірінде старшын Өтеміс Құлманиязовты тонады деген, екіншісінде кісі өлтірді деген жаламен түрмеге қамалады. Оның алғашқысынан ақша беріп құтылса, екіншісінен Орынборға конвоймен айдалап бара жатқан жерінде, есебін тауып, қашып кетеді.

Осы кезде Жәңгір ханның Жайық бойындағы руларды екіге бөліп, бірін қайын атасына, екіншісін жұртқа зорлық зомбылығымен аты шыққан саудагер Қарауылқожаға басқартып қоюы жоқшылықтан ашынған шаруалардың ашу ызасын тудырды. Исатай ханнан Қарауылқожаның озбыр билігіне тиым салуын талап етеді. Оған жауап ретінде хан бес жүздей әскермен Қарауылқожаны аттандырып, оған Исатайды 200 жігітпен оған қарсы шығады. Бетпе бет келгенде Исатайдың батыр жігіттеріне шамасы келмейтінін біліп, Қарауылқожа кейін қайтады.

Осыдан кейін Каспий жағалауындағы халық Қарауылқожа мен Балқы биге бағынудан қашып, Исатай мен Махабеттің төңірегіне тұс тұстан келіп жинала бастайды.

1837 жылдың қазан айында Исатай 2000 жауынгермен келіп, хан ордасын қоршап алады. Бірақ көтерілісшілерге қосылғанымен, ханнан қол үзгісі келмеген билердің ықпалымен Исатай орданы бірден басып алмай, хан мен орыс полковнигі Геккемен пайдасыз келіссөз жүргізіп уақытты өткізіп алады. Осы уақытта ханға көмекке жіберілген казак орыс отрядтары ордаға жетіп үлгіреді.

Қараша айында Тастөбе деген жерде шешуші шайқас болады. Қанша ерлікпен шайқасқанымен, көтерілісшілер орыстың отты қаруына төтеп бере алмай, жеңіліске ұшырайды. Жазалаушылар көтерілісті аяусыз басады. Тұтқындарға 500-ден 2000- ға дейін дүре соғып, Сібірге айдайды.

Аман қалған жігіттермен Исатай Жайықтан өтіп кетеді. Хиуаға хан болам деп жүрген Қайыпқали сұлтанмен уақытша келісім жасап, Исатай 1838 жылы Баймұхаммед сұлтанның ордасына шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында шабуыл жасайды. Осы шайқаста Исатай жау қоршауында қалып, қаза табады.

Алайда, жас та болса, бас болған Исатайды көре алмаушылар көбейетүседі. Солардың жапқан жаласынан И. Тайманұлы 1818 жылы Сарайшық түрмесіне қамалады. Беріштің биі Жүзбатыр 20 мың сом ақша беріп, оны түрмеден босатып алады. Ішкі Ордадағы қара халықтың мұң-мұқтажын қорғап, сұлтандар мен билердің әділетсіздігін, зорлық-зомбылығын әшкерелеймін деп жүріп, Исатай 1824 жылы тағы да тұтқындалып, Орынбор түрмесіне жабылады. Бірақ, оған тағылған кінәлар дәлелденбей, ол босатылады.

Әртүрлі алым-салықтан күйзелген, жайылым жерден айырылған, казак әскерлері мен жергілікті феодалдардың екі жақты езгісінен әбден шыдамы таусылған бұқара халық қолдарына қару алып, көтеріліске шығады. Бұл — 1836–1837 жылдардағы Бөкей хандығындағы немесе Ішкі Ордадағы батыр Исатай Тайманұлы басқарған халық-азаттық көтеріліс еді.

Көтерілістің басы 1836 жылғы 24 наурызда Қарауылқожа Бабажановтың 800 адамды бастап, Манаш елді мекені маңындағы И. Тайманұлының ауылын қоршауы болып табылады. Алайда, Қарауылқожа тобы 200 сарбазбен өздеріне қарсы шыққан Исатайларға шабуыл жасауға бата алмай, кейін қайтуға мәжбүр болады. Бұрын ешкімнен тауы шағылмаған, қарамағындағы елге дегенін істеп әдеттенген Қарауылқожаның Исатайларға ештеңе істей алмауы бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Үстем тапқа ызасы кернеген шаруалар әр жақтан Исатай батырдың қоластына жинала бастайды.

1837 жылдың жазында Исатай батыр бастаған көтеріліс бүкіл Бөкей хандығына тарайды. Жәңгір хан мен оның айналасындағыларға наразылардың бәрі Исатайдың айналасына жиналады. Келген жігіттер атпен, азық-түлікпен, қару-жарақпен қамтамасыз етіледі. Осылайша, И. Тайманұлы белгілі бір тәртіпке негізделгөн азаматтық және әскери ұйымның басшысына айналады. Сұлтан М. Шөкиннің ханға «Көтерілген шаруалар ешкімге бағынбайды, өз алдына бір республика», -деп жазған мезгіл осы кез болуы керек.

1837 жылдың 16 қыркүйегі күні Исатай батыр бастаған 200-ден астам сарбаздар халыққа әбден жек көрінішті Қарауылқожа Бабажановтың ауылын шабады. Одан алынған мал мен дүние-мүлік шаруаларға таратылып беріледі. 1837 жылғы 17 қазанда көтерілісшілер Балқы Құдайбергеновтің, сұлтан М. Шөкинніңауылдарын шауып, хан ордасы — Жасқұсқа бірте-бірте жақындай түседі. И. Тайманұлының үлкен қолды басқарып, Жасқұсқа келе жатқандығынан хабардар Жәңгір хан Орынбор және Астрахань әскери губернаторларына дереу хат жазып, өзін қорғауын сұрайды. Хан ордасын қорғауға Астраханьнан подполковник Алиев, ал Орынбордан подполковник Геке басқарған зеңбіректермен қаруланған әскерлер аттанады. Ал, 2000-нан астам қолмен хан ордасын қоршаған Исатай батыр біраз уақыт хан елшілерімен, кейін Гекенің елшілерімен нәтижесіз келіссөз жүргізеді. 1837 жылғы қараша айының соңында кең байтақ Қазақстанның шағын бөлшегі — Бөкей хандығындағы шаруалар қозғалысының жаңғырығы Ресей астанасы — Санкт-Петербургке де жетеді.

. Егер 18-ғасырдың 80–90-жылдарында Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кезінде Нұралы хандықтан қуылса да, Есім хан өлтірілсе де көтерілісшілердің өздерінің түпкі мақсатына жете алмағандығын ескерсек, Исатай батырдың бұл шешімі елдің бүтіндігі мен халықты сақтау жолындағы үлкен көрегендік екендігін ерекше айтуымыз керек.

Хан Жәңгір шақыртқан патша әскерімен Исатай батырдың іріктелген 500 сарбаздарының арасындағы шешуші ұрыс 1837 жылы 15 қарашада Тастөбе деген жерде болады. Көтерілісшілер қаншама ерлікпен шайқасса да, ұрыстыңтағдырын зеңбіректер шешеді. Зеңбіректердің жарылған оғы мен зіркіліне шыдай алмай көтерілісшілер кейін шегінуге мәжбүр болады. Осы ұрыста Исатайдың Мылқым деген әйелі, Ақай атты баласы қаза табады. Тастөбедегі шайқаста көтерілісшілер жағынан 60-қа жуық адам өледі. Исатай батырдың оң қолына оқ тиіп, астындағы аты жараланады. Осы ұрыстағы көтерілісшілердің ерлігіне подполковник Гекенің өзі де қайран қалады. Ол Орынбордағы әскери губернаторға «Исатайлардың өздері мен жанұясын қорғаймын деп шамадан тыс ерлікке, зеңбірекке қарсы шабуылға баруы, олардың соншама ашынғандықтарын көрсетеді», -деп жазған.

Тастөбеде қолға түспеген Исатайдың басына, оны тірідей ұстағанға 500 күміс ақша тігіледі. «Оны өлтірген адамға сол ақшаның жартысы беріледі», — деп жарияланады. Егер С. Разин, Е. Пугачев сияқты шаруалар соғысының көсемдерін қиын-қыстау кезеңде қасындағы «жолдастары»0 патша өкіметіне ұстап берген болса, басына қаншама ақша тігілсе де ешкім Исатайды жазалаушылар қолына ұстап бермейді. Керісінше, халық оны және оның сарбаздарын қажетті азық-түлікпен, көлікпен қамтамасыз етіп отырды. Тіпті, аты жарапанып, жаяу соғысқан соңғы сәттерде де жолдастары Исатайды жау қолына қалдырмауға тырысады.

Ішкі Ордада бытырап жүрген көтерілісшілердің басын біріктірудің мүмкіндігі жоқ екендігін түсінген И. Тайманұлы бір топ жолдастарымен бірге жазалаушылардан бой тасалай жүріп, Кіші жүзге өтігт кету үшін Жайықтың қатуын күтеді. 1837 жылдың 12 желтоқсанынан 13-не қараған таңда өзінің ескі досы Құрақ Маябасовтың көмегімен И. Тайманұлы бастаған 38 адам ұйтқып соққан боранды пайдаланып, қазіргі Махамбет ауданындағы Сарытоғай елді мекенінен сәл төмен маңда Жайықтың шығыс бетіне — Кіші жүзге өтеді. Олар қараңғылық пен боранның көмегімен арттарынан ілесе қуған казактар мен Баймағанбет сұлтанның адамдарын адастырып үш топқа бөлініп, Тайсойған жаққа бет алады.

Өкінішке орай, көп кешікпей, 14 және 24 желтоқсан күндері — Исатайдың әйелі Несібелі, балдызы Бағлан, балалары Жақия мен Дінбаян (Дүмбиян), небәрі 12 адам қуғыншылардың қолына түседі.

Кіші жүздегі көтерілісті ұйымдастыру барысында Исатай батырдың ел-елдің басын біріктірген шебер дипломат болғандығын байқаймыз.

Баймағанбет сұлтан әдейілеп жіберген Балта деген алдаушының сөзіне сеніп қалған аңғал Исатай батыр қасына 500 сарбаз алып, сұлтан Б. Айшуақовтың ауылын шаппақшы болып, негізгі қолдан бөлініп шығады. Жазалаушы әскерлердің келіп жеткендігінен бейхабар Исатайлар тобы 1838 жылғы 12 шілде күні Ақбұлақ өзенінінң жағасында Геке мен Баймағанбет сұлтанның біріккен әскерінінң үстінен шығады. Әскер күші жағынан тең емес шайқаста Исатай батыр бастаған көтерілісшілер асқан ерлік көрсетеді.

Ақбұлақ өзенінің жағасындағы кескілескен шайқаста Исатай батыр да, оның 16 жасар ұлы Оспан да қаза табады. Осы шайқастың басы-қасында болған Исатайдың 14 жасар ұлы Досмағанбет астындағы атының жүйріктігі арқасында Махамбетпен бірге жау қолына түспей, құтылып кетеді.

Исатай батыр 12 шілде күні қапылыста қаза тапқаннан кейін, көтеріліс одан әрі дамымай, сарбаздар жан-жаққа бытырап кетеді. Қ. Есімов жазалаудан қорқып, Хиуаға қашады.

Осылайша, бас-аяғы 6 айға жетпейтін қысқа уақытты қамтыған аумағы мен сарбаздардың саны жағынан Бөкей хандығындағы көтерілістен асып түсетін бүкіл Кіші жүз даласын дүр сілкінткен батыр Исатай Тайманұлы бастаған халық-азаттық көтеріліс жеңіліске ұшырайды.

И. Тайманұлы бастаған көтеріліс жеңілгенмен, ол Қазақстанның батыс бөлігінің Ресей империясы құрамында кейінгі дамуында терең із қалдырды. Бұдан былай алым-салықтың мөлшерін жылдан-жылға көтере беруге белгілі дәрежеде шек қойылды; патша үкіметінің көтерілісті қолдаған қазақ ауылдарының старшындарымен санасуына тура келді; Ішкі Ордадағы хандық биліктің жойылуы тездеді.

Қазақ кедейлерінінң көсемі И. Тайманұлының есімі — мәңгі халық есінде. Ақтөбе облысының Қобда ауданында Исатай батыр мен оның баласы Оспанға шайқас болған жерде ескерткіш орнатылған. Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстауда да Исатай батырдың ескерткіші бар. Атырау қаласындағы орта мектепке, Миялы селосындағы орта мектепке, Жұмыскер селосындағы орталау мектепке батырдың есімі берілген. Батырдың туған жеріндегі «Тайман жалы» деп аталатын орынға мемориалдық тақта қойылып, Аққыстау селосында батырдың мемориалдық мұражайы ашылды. 1991 жылғы қыркүйек айында халық батыры И. Тайманұлының туғанына 200 жыл толуы республика көлемінде аталып өтті. Осы мерейтойға орай Қазақ ССР Ғылым Академиясының ұйымдастыруымен Алматы және Атырау қалаларында ғылыми-теориялық конференциялар өткізілді. И. Тайманұлы мен оның ұрпақтары туралы «Қазақфильм» киностудиясы «Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай» атты деректі фильм түсірді. Халық батыры И. Тайманұлының 200 жылдық мерейтойын өткізу — қазіргі ұрпақтың батыр бабалар дәстүріне адалдығының айғағындай оқиға болды. Олай болса, Исатай Таймановтың батырлық өнегесі қазақ халқының мәңгі есінде.

Жаңа кезеңдегі тарих (ХІХ — жаңа ХХ ғ.ғ.)
Тарихи тұлғалар
Исатай Тайманұлы (1791 - 1838 ж.ж)