Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру –болмыстың жаңғыруы, сананың жаңаруы. Әрбір азаматқа өзін-өзі реттеп отыруы, заман талабына сай құндылықтарды қабылдау өте маңызды. Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы қазіргі жаһандану заманында ұлттық рухани-тектік қасиеттерін жаңғырта отырып, заманауи бәсекелестікке төтеп беруде маңызды идея. Мақалада, «Әжептеуір жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты- сол ұлттық кодты сақтай білу.» дейді. Ондағы ұлттық код дегеніміз- ұлттық болмыс, біздің басқа халықтардан ерекшелігіміз, таным-түсінігіміз және сипатымыз. Ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан танымды тарихымыз, салт дәстүріміз, ұлтқа тән мінез-құлық, арман – мұратымыз, тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз. «Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шыңына көміліп қала береді» делінген. Ділі мен танымы мүлде басқа қаңсық болған дағды – ғұрыптары, теріс қылықарды таңсық көріп, салт- санаға енгізудің зардабы өте қауіпті. Қазіргі ұрпақ, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық, халықтық болмысымызды сақтай біліп, келер ұрпаққа жеткізуіміз қажет. «Бүгінгі өскелең ұрпақ нағыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт жанды азамат болуы керек»-деп атап өткен елбасы. Ұлттық қасиеттер болмаса ұрпақтың бірегейлікте өмір сүру ұстанымы қалыптаспайды. "Рухани жаңғыру " бағдарламасын әрі қарай жалғастыру, жаңаша бағыттармен толықтыру менің ойымша жастарға тиесілі. Ол үшін жастар қауымының барлық бастамалары мен атқарған қызметтеріне қолдау керектігін ашық қарастыратын ауқымды іс-әрекет қажет. Жастарды жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеудің тиімді жүйесі мен құрылымы жасалып, іске қосылды. Ел сенімін ақтау- жастардың қолында.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Рухани жаңғыру