Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев РФ-ның «Ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды

АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ — Ресей Президенті Дмитрий Медведевтің Жарлығымен қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев «Ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды.

Аталмыш медальдарды бүгін Астанада РФ-ның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Михаил Бочарников табыс етті.

«Адам баласының алғашқы ғарышқа сапарының 50 жылдығына орай, Ресей басшылығы біздің планетамыздың ғарышты игеруге қатысқан тұтас бір қайраткерлер шоғырын ғарышты игеруге қосқан үлестері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттауға шешім қабылдады», — деді салтанатты шара барысында М. Бочарников.

Оның айтуынша, қазақстандық ғарышкерлер басқарылатын космонавтика саласында халықаралық ықпалдастықты дамытуға үлкен еңбек сіңіргендері үшін еленді.

«Қазақстан мен Ресей арасындағы достық құр сөзбен және ортақ жетістіктермен ғана бекіген жоқ. Ресей елінің ғарышты игеруге өз үлестерін қосқан адамдарды ұмыт қалдырмай, марапат көрсетіп жатқаны қуантады. Бұл медальды төске тағу мен үшін үлкен мәртебе», — деді қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, КСРО-ның еңбек сіңірген ұшқышы Тоқтар Әубәкіров.

«Біздің ғарышкерлер біз салған жолды Ресей Федерациясымен бірге жалғастырады деп ойлаймын. Біздің еліміздің аумағында ең үздік, ең ірі, Әлемде ең көп ұшыру жасайтын космодромның орналасуы тегіннен тегін емес. Әлемнің барлық ғарышкерлері Байқоңырды екінші Отан санайтындықтарын бүкіл дүниежүзіне айтып, жар салады. Осы орайда Ресей Федерациясы космонавтика саласында Қазақстанның ең негізгі стратегиялық әріптесі болып қала бермек», — дейді Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы, ғарышкер, авиация генерал-лейтенанты Талғат Мұсабаев.

Кездесу сәтінде Елбасы экипаж мүшелерін аман-есен оралуымен және Халықаралық ғарыш стансасындағы маңызды миссияларының аяқ­талуымен құттықтай отырып, «Біз ұшу барысын бақылап, әрқайсыңыз үшін алаңдап отырдық. Әрине, қазақстандықтар ел тарихындағы үшінші ғарышкер болған Айдын Айымбетовтің тілеуін тіледі. Оның әлемдегі алғашқы және ірі ғарыш айлағы – Байқоңыр құрылысының басталғанына 60 жыл толғанда ғарышқа ұшуы да айшықты оқиға», – деді. Сондай-ақ, Президент сапар барысында полковник Айымбетовтің өзіне жүктелген барлық міндетті орындағанын, осы мақсатқа бөлінген қаражат ұзақмерзімді келешекте өзін ақтайтынын жеткізді.

А. Айымбетов өз кезегінде елі­міздің атынан Халықаралық ғарыш стансасында өкілдік ету мәртебесін сеніп тапсырғаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, А. Айымбетовтің ғарышқа сапары барысында қор­шаған ортаны қорғау, медицина, биотехнология, телекоммуникация салаларына қатысты маңызды зерттеулер жүргізілді. Бұл тұрғыда ғарышкер өзінің сұхбатында: «Маған ғарышқа ұшу қарсаңында өте жауапты міндеттер жүктелді. 10 тәулiкке, нақтылай айтсам, 9 тәулiк 20 сағат 13 минут 51 секундқа созылған сапарымда бiрқатар зерттеулер жүргізілді. Олардың ішінде Арал мен Каспий теңізінің, шаңды дауылдар мен мұнайдан ластанған аумақтардың ахуалын бақылау шарасы болды. Сондай-ақ, бұл зерттеулердің қазақстандық биотехнология мен биомедицина саласы үшін де пайдасы зор.

Сол жақтан алынған мәлiметтер термоядролық энергетика және плаз­малық медицина саласында, жаңа конструкциялық және нано­композиттiк материалдарды шы­ғаруда пайдаға асады деп күтілуде. Мен мұны үлкен жетiстiк деп санаймын. Ғарыш биомедицинасы және ғарыш биотехнологиясы маңызды жұмыстардың бiрi болып саналатынына ешкім дау айта алмайды. Осы бағыттардың шеңберінде адам физио­логиясы институтының ғалымдары ғарышқа ұшу кезiнде ғарышкердiң операторлық жұмыс қабiлетiн, оның күйзелiс жағдайларындағы психологиялық-физиологиялық жай-күйiн және олардың ғарышкердiң жұмысына әсерiн зерттеп-зерделеді. Ғарыштағы зерттеулерден алынған нәтижелер ағзаның экстремалдық жағдайларға төзiмдiлiгiн бағалауға және ғарышкердi дайындау деңгейiн жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзiрлеуге мүмкiндiк беретіні сөзсіз.

Сонымен бірге, экология, қор­шаған ортаны қорғау, медицина, биотехнология, телекоммуникация салалары бойынша да аса қажетті мәліметтер алынды. Бұл өз кезегінде, ең алдымен, еліміздің ғарыш техникасы және технология­сы бойынша мамандар шығаратын жоғары оқу орындары үшiн де маңызды дүниелер.

Жалпы, мен Тоқтар Әубәкіров және Талғат Мұсабаев сынды әріптес ағаларымның жасаған ғылыми-зерттеулерін, эксперименттерін жалғастырдым», – деген болатын.

Жерге аман-есен оралған ға­рышкерге Елбасы бастаған қа­зақстандықтар барынша құрмет көрсетті. Ел ықыласына бөленген батыр ұл Қазақстанның ең жоғары марапаттары – Халық Қаһарманы және «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағын алды. Осы арада Мемлекет басшысының ғарышкерді марапаттау сәтіндегі сөзін еске түсірейік. Сол жолы Елбасы: «Біздер, қазақстандықтар байтақ жерімізде бүкіләлемдік ғарыш айлағы – Байқоңырда алпыс жыл бойы жұмыс жүргізіліп келе жатқанын мақтан етеміз. Ғарышкерлерді Жер жүзі осы жерден, Қазақстаннан шығарып салады. Адамзаттың ғалам туралы танымын кеңейтетін күрделі экспедициялардан кейін оларды осында қарсы аламыз. Ғарышқа ұшқан жарты ғасырдан астам уақыт ішінде 38 елдің 545 ғарышкері ғарыш кеңістігінде болып қайтты. Сол елдердің қатарында Қазақстан да бар. Айдын Айымбетовтің сәтті сапары еліміздің ғарыш жылнамасының жаңа парағын ашты. Бұл – Күн жүйесінің кеңістігін зерттеу және игеру ісіне өзге елдермен бірге атсалысып отырған Қазақстанның ғарыштық болашағы үшін жасалған жаңа қадам. Жердің тартылыс күшін еңсеруге ұмтылыс адамның ең ұлы ерлігінің бірі болды, солай болып қала береді. Ол ең батыл әрі лайықтының ғана қолынан келеді. Осындай батырдың бірі біздің үшінші ғарышкеріміз Айдын Айымбетов болып отыр. Сондықтан мен оған Халық Қаһарманы және „Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы“ атағын, сондай-ақ Алтын жұлдыз бен „Отан“ орденін беру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы ең жоғары марапаттар оның Қазақстан халқының игілігі үшін жасаған ерлігін айғақтайды», – деген болатын.

Міне, ғарышты игеруге бет бұрған Қазақстан 2015 жылы осындай ірі оқиғаға куә болды. Нәтижесінде біздің еліміз әлем бойын­ша ғарыш кеңістігін бағындырған аза­мат­тарының саны үшеуден кем емес ­9 ел­дің бірі атанды. Бұл – мемлекет мерейі!

Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті.

Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан тұрады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы-Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі қажет. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар-министрліктер, мемлекеттік комитеттер, коммиссиялар, бас басқармалар және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық әкімшіліктер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері зандарда және арнаулы ережелерде анықталады[23].

Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы зандарда анықталады.

Егенмендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар Жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық — адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мүндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері келіп туады. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдай жасауы керек. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылган болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлілерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтың міндеттері — Конституцияны, зандарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.

Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т. б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.

Тәуелсіз мемлекеттің тағдыры, оның ертеңі, болашағы, қазақ ұлтының өркениетті әлемге тұрақты өз орнын иемденуге деген ынтасы жылдан жылға күшейіп, өткен кезеңде жақсы көрініс тапты.

Мемлекетіміздің өркендеуі, дамуы, гүлденуі болашақ білімді жастарды қажет етеді, жаңа замандағы ғылымның жетістігінен толық хабардар олар мемлекетіміздің көш бастаушысы, ілгерілетушісі болып қалыптасуы керек. Міне, сонда ғана Тәуелсіз Қазақстан асқақ арманы мен мүратына жетері анық. Өркениетті елдерде тәжірибе алмасу, шетелдерде білім алу, оны жетілдіру мемлекетіміздің дамуының тетігі. Мемлекет нысанының толыққанды өмір сүруіне ат салысуымыз керек.

Құқықтық мемлекетті қалыптастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің рәміздерін, заңдарын сақтап, құрметтеуге міндеттіміз.

Көп үлтты тәуелсіз мемлекеттілікті нығайту — бүгінгі сала бағытымыз, ашық та айқын мақсатымыз, саясатымыз, мүның өзі ұлтымыздың мүддесін қорғаудан ауытқу деген сөз емес. Көп үлтты Қазақстан Қазақтың тарихи, ежелгі топырағында шаңырақ көтеріп отырған бірден-бір мемлекет болғандықтан, ол қазақтардың ұлттық, түбегейлі мүдделерін қорғауға, қастерлеуге міндетті. Осы қажеттіліктің өзі оны XX ғасырдың соңында дүниеге қайта оралып, өмірге әкеліп отырғаны белгілі.

Қазіргі заманда еліміз нарықты экономикаға көшіп жатқанда, тәуелсіз Қазақстан Республикасы өмірге келгенде жалпы теорияның ғылыми мазмүны, функциясы күрт өзгерді. Жаңа өмірге сай ғылым өзінің жұмысын қарқынды түрде жүргізіп, жаңа қоғамның тілектеріне, мүдделеріне сәйкес ғылыми зерттеулер, қорытындылар жасауға тиіс.

Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері — Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті.

Егеменді Қазақстан (1986-...)
Тарихи хроника
Қазақ ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров пен Талғат Мұсабаев РФ-ның «Ғарыш кеңістігін игеруге қосқан үлесі үшін» мемлекеттік медалімен наградталды